24 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы минситрлігінің бұйрығы  №19-1/275

244 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 30 наурыз,  Астана қаласы Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-6) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидалары бекiтілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналас­тырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Қорғаныс министрі ___________ Ә.Исекешев ___________ И.Тасмағамбетов 2015 жылғы 21 сәуір 2015 жылғы 10 сәуір «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ішкі істер министрі Энергетика министрі төрағасы___________ Н.Әбіқаев ___________ Қ.Қасымов ___________ В.Школьник 2015 жылғы 12 мамыр 2015 жылғы 24 сәуір 2015 жылғы 4 сәуір Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №19-1/275 бұйрығымен бекітілген Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес әзірленді және аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларолардың тиесілігіне қарамастан, аумақтық суларда (теңізде) жүзуді және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыратын барлық кемелерге қолданылады. 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) зерттеу жұмыстарын жүргізу, зерттеу қызметі – гидрографиялық, гидрологиялық, гидрометеорологиялық, гидрохимиялық және геофизикалық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызмет, сондай-ақ сулар мен теңіз түбі флорасының, фаунасының жай-күйін зерттеу; 2) кәсіпшілік жұмыстарды жүргізу, кәсіпшілік қызмет – балықтарды, басқа су жануарларын және өсімдіктерді ұстауға және қорғауға байланысты кез келген жұмыс; 3) шаруашылық жұмыстарын жүргізу, шаруашылық қызмет – аумақтық сулардағы (теңіздегі) кемелерде жүзеге асырылатын барлық жұмыстар мен қызметтердің түрлері; 4) іздестіру жұмыстарын жүргізу, іздестіру қызметі – су түбін зерделеуге және пайдалы қазбаларды іздеуге байланысты геологиялық жұмыстар жүргізу. 4. Теңіз порттары айдынының шегінде және кеме қозғалысын басқару қызметтерінің іс-қимылы аймағында жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу кезінде «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-11) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидалары сақталады. 2. Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу тәртібі 5. Мемлекеттік және мемлекеттік емес кемелердің, мұз үстімен жылжитын құралдардың орналасу пунктерінен шығу (шығарылу) құжаттарын ресімдеу, айлақтарды, кеме тұрақтарын, орналасу пункттерін, мемлекеттік және мемлекеттік емес кемелерді, мұз үстімен жылжитын құралдарды уақытша есепке қою, күтіп-ұстау, сондай-ақ жабдықтау «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-16) тармақшасына сәйкес бекітілген кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы шегінде жүзуі мен портта тұру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 6. Аумақтық суларда (теңізде) жүзу кезінде мемлекеттік және мемлекеттік емес кемелер, шетелдік әскери емес кемелер және әскери корабльдер навигациялық-гидрографикалық жабдықпен қамтамасыз етілген қозғалыс жолдарын ұстанады. 7. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағыҚазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 3-тармағына сәйкес шетелдік әскери корабль Қазақстан Республикасы белгілеген аумақтық суларда (теңізде) жүзу тәртібін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі –Шекара қызметі)және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері одан аумақтық суларды (теңізді) дереу тастап шығуды талап етеді. 8. Аумақтық суларда (теңізде) сүңгуір қайықтар мен басқа су асты көлік құралдары су бетінде жүреді және өздерінің туларын көтереді. 9. Мемлекеттік және мемлекеттік емес кемелер, шетелдік әскери емес кемелер және әскери корабльдер Қазақстан Республикасының аумақтық суларындағы (теңіздегі) кемелердің соқтығысуына жол бермейді. 10. Аумақтық сулар (теңіз) арқылы өтуді жүзеге асыру кезінде ядролық қозғалтқышы бар шетелдік әскери емес кемелердің және әскери корабльдердің, сондай-ақ ядролық және басқа қауіпті немесе өзінің табиғаты бойынша улы заттарды тасымалдайтын кемелердің борттарында құжаттары болуы тиіс және осындай кемелер үшін Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен шарттарында белгіленген ерекше сақтық шараларын сақтайды. 11. Аумақтық суларда (теңізде) шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу Шекара қызметін хабардар ете отырып, жүзеге асырылады. Жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары өздерінің функционалдық міндеттерін орындау үшін жүзу құралдарымен және өзге де көлік құралдарымен аумақтық суларға (теңізге) шығуды хабарлаусыз, Шекара қызметімен келісілген тізімдер бойынша жүзеге асырады. Тізім бес жұмыс күні ішінде келісіледі. 12. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) теңіз ғылыми зерттеулерін, іздестіру қызметін жүргізуге ниеті бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдар оларды Шекара қызметімен келіседі және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері Гидрографикалық қамтамасыз ету қызметіне жұмыстардың басталуының болжамды күніне дейін кемінде он күнтізбелік күн бұрын: 1) шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға шығу мақсаттары, уақыты және маршруты (аудандары), олардың типтері және тіркеу нөмірлері, сондай-ақ тіркелімге алу орындары; 2) жобаның сипаты мен мақсаттары; 3) кеменің атауын, типі мен сыныбын және ғылыми жабдықтың сипаттамасын қоса алғанда, қолданылатын әдіс пен құралдар; 4) жоба жүргізілетін аудандар бойыншадәл географиялық деректер; 5)зерттеу кемелерінің алғашқы келуінің және соңғы кетуінің немесе тиісті жағдайларда жабдықты орналастырудың және алудың болжамды күндері; 6) жобаға жауапты ұйымның атауы, басшысы және адамы туралы толық ақпаратты ұсынады. 13. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу халық денсаулығына, экологиялық және өзге де қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі немесе осындай нұқсан келтіру қаупін тудырмауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұстауға және Шекара қызметіне міндеттерін орындауға кедергі жасамауы тиіс. 14. Зерттеу қызметі тек бейбіт сипатта болуы және Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі тиіс. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 18 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11391 болып енгізілді.